Артқа
Артқа

Қордың Қостанайдағы филиалында жаңа директор тағайындалды

Бүгін Қордың Басқарма төрағасы Болат Төкежанов Қостанайдағы филиал қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізіп, онда жаңа директор - Батырбек Нұрғалиевті таныстырды.

Батырбек Нұрғалиев еңбек жолын 1994 жылы Қостанай облыстық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып бастаған. Бұған дейін Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің департаментін басқарған. Соңғы уақытта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарды.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Болат Төкежанов Сәуле Аймұхамбетоваға Қостанай филиалының директоры болып жұмыс істеген жылдары үшін алғысын білдірді. Ол сәуле Аймұхамбетованың филиал құрудың бастауында тұрғанын және зейнеткерлік жасқа толуына байланысты филиал директорының орынбасары лауазымына ауыстырылғанын атап өтті.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп бере отырып, Сәуле Аймұхамбетова халықты медициналық сақтандыру жүйесіне тарту, осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарды қаржыландыру жоспарын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Болат Төкежанов Сәуле Аймухамбетованың жұмысын жоғары бағалап, "Еңбек сіңірген қызметкер"төсбелгісін табыс етті. Сондай-ақ филиалдың жаңа директорына жемісті жұмыс тіледі.

Кездесу соңында басқарма төрағасы Болат Төкежанов филиал ұжымына медициналық ұйымдарды уақытылы қаржыландыру, медициналық қызметтерге сапалы мониторинг жүргізу, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін кері байланыс арналары арқылы келіп түсетін халықтан мәселелерді жедел қарау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

17.08.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАК ПРОВЕСТИ КАНИКУЛЫ С ПОЛЬЗОЙ?
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?
Жаз – баланың денсаулығына көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден өтуге таптырмас кезең. Балаларды қорғау күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттер үшін ТМККК және МӘМС аясында қандай медициналық қызметтер бар екенін еске салды.
30.05.2025
В ПОДДЕРЖКУ ВРАЧЕЙ: ГЛАВА ФСМС ПРЕДСТАВИЛ ПОСТАВЩИКАМ НОВЫЕ ПОДХОДЫ
ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ: ҚОР БАСШЫСЫ ЖЕТКІЗУШІЛЕРГЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті мониторингтеу, төлеу және сатып алу тәсілдерін жүйелі түрде жаңғыртуды қолға алды. Астана мен Алматы қалаларында өткен жұмыс кездесулерінде Қордың басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов жеткізушілерге жаңа тәсілдерді таныстырды.
26.05.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА АПРЕЛЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
2025 жылдың сәуір айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды жинап шықтық.
20.05.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу